Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты мақсат – әлеуетті кадр жасақтау

Басты мақсат – әлеуетті кадр жасақтау

Біздің елімізде жастардың еңбек етуіне, сүйікті ісімен айналысуына барлық жағдай жасалған. Әсіресе білімді жастар үшін мүмкіндік мол. Соның айқын дәлелі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Президенттік жастар кадрлық резервін құру туралы тапсырмасы десек артық айтқандық емес. Президент жастарға, оның ішінде жас мамандарға үлкен сенім артып отыр. Бұл әрине жастар үшін таптырмас мүмкіндік.
Мен мемлекеттік қызметте талай жыл еңбек етіп, қиындығы мен қызығы мол салада халыққа адал қызмет жасадым. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Президенттің жастар резервін құру бір күнде пайда болған дүние емес. Бұған дейін де елімізде түрлі салада осындай тәжірибе енгізіліп, өзінің жетістігін берген.
Ендігі кезекте – мемлекеттік қызметте мықты әрі өзгермелі әлемде кез келген жағдайға бейімделуге қабілетті жастар қатарынан әлеуетті кадр жасақтау. Президенттің игі бастамасы жастарға жол ашумен қатар, еліміздегі кадр саясатын да оңтайландырмақ. Тек, қабілетің мен қарымың жетсе болғаны.
Алғашбай БАЙКӨБЕКОВ,
мемлекеттік қызмет саласының ардагері

28 қазан 2019 ж. 1 085 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930