Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихта таңба болып аты қалған...

Тарихта таңба болып аты қалған...


Турашылдығы, адалдығы мен әділдігі көпке үлгі атанып, ел бүтіндігі мен тұтастығын сақтауға тұғыр болған тұлға Әйтеке Бәйбекұлының есімі Орталық Азия жұртына түгел таныс. Ел ішілік, ел аралық дауларды шешуге аянбай атсалысқан, атақты «Жеті жарғы» авторларының бірі Әйтеке бидің туғанына биыл – 380 жыл.
18 қазан күні Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде «Айыр тілді Әйтеке би» атты ақындар мүшайрасы өтті.
Айтулы қоғам қайраткеріне арналған мазмұнды шараны аудан әкімінің орынбасары Болат Жолтаев құттықтау сөзімен ашты. Болат Әбенұлы ғибратты ғұмыр иесінің өнегелі жолы мен мемлекеттік маңызы бар істердегі орнына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыстық жарыста Қызылорда қаласы және Шиелі, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Арал, Қазалы аудандарынан ақындар бақ сынады.
Талапкерлер алғаш Әйтеке биге арналған арнауларын оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыптағы жырларымен көпті сүйсіндірді.
Мүшәйраға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ж.Әбдірашев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Толыбай Абылаев, ҚР мәдениет саласының үздігі Болат Жолтаев, ақын-ұстаз Сағыныш Өтеулиева сарапшылық жасады.
Байқау шарттары бойынша маз­мұнның ықшам, көркем қамтылуы, өлең құрылысының сақталуы, орындау шеберлігі, сахна мәдениетіне назар аударылды.
Шашасына шаң жұқпаған жүйріктер сынында Қазалы ауданының үкілеген үмітін арқалаған Ақжол Түменбай бас жүлдені бұйдалады. Аралдық ақын Айдар Сайлауов бірінші орынға ие болса, екінші орынды жалағаштық Жасұлан Серік еншіледі. Үшінші орынды қызылордалық Ұлықбек Тәңірбергенов пен Шиелі ауданынан келген Бекжан Ержігіт алса, Әйтеке би атындағы арнайы сыйлық Қызылорда қаласынан келген Ғабит Кәдірбайға бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, қаржылай сыйлықтар алды. Қатысушыларға да ақшалай ынталандыру табысталды.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
22 қазан 2024 ж. 38 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930