Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кемеңгерлік – кітапта

Кемеңгерлік – кітапта

14 ақпан – халықаралық кітап сыйлау күні. Бүгінде бұл атаулы күн дәстүрлі шараға айналып келеді. Облыс кітапханаларына соңғы 2 жыл көлемінде «Кітапханаға кітап ­сыйла» ­акциясымен 1500 кітап табысталды. Бұл ­туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Нұрлыбек Мыңжас хабарлады.
Жалпы, облыс бойынша кітап қоры 418 586 дана, оның ішінде 123 411 данасы қазақ тілінде. Өткен жылы кітапханаға жаңадан 5679 дана басылым түсті. Сонымен қатар оқырмандар саны да артуда. Былтыр облыстық кітапхана 31 998 оқырманға қызмет көрсетті. Келушілер саны 180 368.
«Облыста балалар мен жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау және «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы 2021-2025 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітілді. «Отбасымен бірге оқимыз», «Балалыққа кітаппен барар жол», «Әжем айтқан ертегі», «Дәстүрлі отбасылық оқу», «Библиокеруен», «Жазғы кітапхана», «Ертегімен есейемін», «Сыр сандық» атты жобалар жүзеге асырылды», - деді Н.Мыңжас.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
15 ақпан 2022 ж. 2 467 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 147

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031