Аудан әкімі тұрғын үйлердің құрылыс сапасын бақылады

Қазалы ауданында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Биыл ауданда осы санаттағы азаматтарға арналған 50 пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тиісті сала басшыларымен бірге құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыстардың барысын көрді.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерде ішкі және сыртқы әрлеу, есік-терезелерді орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар ғимараттардың сыртын арнайы материалдармен қаптау және инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған тұрғын үйлер Әйтеке би кентіндегі Жеті Ишан көшесінің бойында, 5-квартал аумағындағы Қали Медетбаев көшесінде және Қазалы қаласындағы Үрмәш Түктібаев көшелерінің бойында орналасқан.
Аталған тұрғын үйлер Әйтеке би кентіндегі Жеті Ишан көшесінің бойында, 5-квартал аумағындағы Қали Медетбаев көшесінде және Қазалы қаласындағы Үрмәш Түктібаев көшелерінің бойында орналасқан.Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасына назар аударып, мердігер мекеме өкілдеріне анықталған кемшіліктерді жедел түзетуді, барлық жұмысты құрылыс талаптарына сай әрі жеделдетуді тапсырды.














