Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы демалыс күндері ел аумағында қалың қар жауып, боран соғады

Алдағы демалыс күндері ел аумағында қалың қар жауып, боран соғады

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-8 градус аяз күтіледі.
Алдағы демалыс күндері ел аумағында қалың қар жауып, боран соғадыФото: ЖИ
2026 жылғы 24-26 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, 24 қазанда шығысында, сондай-ақ 24 және 26 қазанда Қарағанды облысында жауын-шашын (негізінен қар түрінде) күтіледі. Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін.
24 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, боран соғады деп болжанады. Батыста, солтүстік-батыста және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман түседі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-8 градус аяз күтіледі.
Ауа температурасы:
Батыста: күндіз ауа температурасының негізгі фоны +11…+18°С болады.
Солтүстікте: түнде ауа температурасы −4…−10°С-тан 0…+5°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +2…+7°С-тан +6…+11°С-қа дейін аздап құбылады.
Орталықта: түнде ауа температурасының негізгі фоны -2…-10°С, күндіз 0…+5°С-тан +5…+12°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.
Шығыста: түнде ауа температурасының негізгі фоны -5…-10°С, облыстың таулы аудандарында -13…-18°С болады. Күндіз -5…+5°С аралығында күтіледі.
Оңтүстікте: күндіз ауа температурасының негізгі фоны +8…+15°С болады.
Оңтүстік-шығыста: күндіз ауа температурасы +2…+7°С-тан +6…+12°С-қа дейін аздап жоғарылайды, таулы аудандарда -1…-6°С күтіледі.
23 қазан 2026 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031