Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда азық-түлік тауарларын сату көлемі өсті

Қазақстанда азық-түлік тауарларын сату көлемі өсті

Өсім сауда кәсіпорындарында да, жеке кәсіпкерлік сегментінде де байқалды.
Фото: ЖИ
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 20 048,8 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінің мәліметінше, өсім сауда кәсіпорындарында да, жеке кәсіпкерлік сегментінде де байқалды.
Сауда кәсіпорындарының тауар өткізу көлемі 2,1%-ға, ал базарларда сауда жасайтындарды қоса алғанда, жеке кәсіпкерлердің тауар өткізу көлемі 9,3%-ға артты.
–Бөлшек сауданың тауарлық құрылымында азық-түлік тауарларын өткізу қарқыны жоғары болды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 10,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарларды өткізу көлемі 1,6%-ға өсті, – деген дерек келтірді ведомство.
Өңірлер бөлінісінде бөлшек сауданың өңірлік құрылымында ең жоғары үлес:
Алматы қаласына тиесілі, жалпы сауда көлеміндегі үлесі 32,8%
Одан кейін Астана қаласы (14,2%),
Қарағанды облысы (7%)
Шығыс Қазақстан облысы (5,3%) орналасқан.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 40 707,2 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым. Олардың үлесі 80% шамасында болды.
Көтерме сауданың жалпы көлемінде ең жоғары үлес Алматы қаласына тиесілі (35,1%). Одан кейін Астана қаласы (14,5%), Атырау облысы (13,5%) және Шымкент қаласы (6,3%) орналасқан.
23 қазан 2026 ж. 56 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031