Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй құрылысының сапасын бақылады

Тұрғын үй құрылысының сапасын бақылады

Биыл Қазалы ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін пайдалануға берілетін 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аумағында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын көріп, құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан кәсіпкерлермен кездесті.
Қазіргі таңда тұрғын үйлердің шатырын жабу, ішкі әрлеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы кәсіпкерлерге тұрғындардың игілігі үшін берілетін баспаналарды мерзімінен кешіктірмей тезірек сапалы етіп аяқтау керектігін айтты. Ал салаға жауапты орынбасарына тұрғын үйлерді қабылдау кезінде барлық талаптарға сай болуын, алдағы уақытта тұрғындардан ешқандай шағым болмау керектігін тапсырды.
Айта кетейік, тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, өткен жылы ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 пәтерлі 40 тұрғын үй сатып алынып, 80 отбасыға жаңа баспана табысталған болатын
15 қыркүйек 2026 ж. 10 0

Тазалық – тәртіптің айнасы

15 қыркүйек 2026 ж. 32

Алқапқа абай болайық

15 қыркүйек 2026 ж. 40

Бүгінгі қоғам кітап оқи ма?

15 қыркүйек 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930