Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аз төлем қарызды өтеуге есептелмейді: FinKelisim ережелері өзгермек

Аз төлем қарызды өтеуге есептелмейді: FinKelisim ережелері өзгермек

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі FinKelisim арқылы қарызды ұжымдық реттеу тәртібіне өзгерістер енгізуді ұсынды. 
Қарыз
Фото: freepik.com
FinKelisim арқылы қарызын қайта құрылымдаған азамат кредиторлармен келісілген кесте бойынша ай сайын төлем жасап отыруы керек. Егер белгіленген сомадан аз ақша аударылса, бұл төлем қарызды өтеу ретінде есептелмейді.
Омбудсман төлем мерзімі келгенге дейін үш жұмыс күні бұрын қарыз алушыға ескерту жібереді. Қарыз алушы төленбей қалған соманы келесі төлем күніне дейін немесе келесі айдағы төлеммен бірге жаба алады.
60 күннен кейін не болады?
Егер қарыз алушы мерзімі өткен төлемді осы уақыт ішінде өтемесе, оған қосымша 60 күн беріледі. Осы уақыт аралығында ол жиналған берешегін толық өтеуі тиіс.
Егер қосымша 60 күн ішінде де қарыз өтелмесе, келесі күннен бастап қарыз алушы қалған барлық берешегін мерзімінен бұрын толық өтеуге міндеттеледі. Бұл ретте бұған дейін төлеген сомалар есепке алынады.
Кімдер FinKelisim арқылы қарызын реттей алады?
Ұжымдық реттеу рәсіміне екі немесе одан да көп кредитор алдында төлеу мерзімі 90 күннен асқан берешегі бар азаматтар қатыса алады.
Бұл ретте қарыз кепілмен қамтамасыз етілмеуі керек. Азаматтың жалпы қарызы өтініш берген кезде 150-ден 1600 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін, яғни 648 750 теңгеден 6 920 000 теңгеге дейін болуы қажет.
Сондай-ақ соңғы 12 ай ішінде FinKelisim арқылы ұжымдық реттеу рәсімінен өткен азамат осы тәртіппен қарызын қайта реттей алмайды.
Әлеуметтік осал азаматтарға жеңілдік қарастырылған
Сондай-ақ жобада әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қарызды ұзақ мерзімге өтеу мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы тәртіп бойынша қарызды өтеу мерзімі 60 айға дейін болса, бұл санаттағы азаматтарға 84 айға дейін уақыт беріледі.
Ай сайынғы төлем мөлшеріне де шектеу қойылады. Жалпы тәртіпте қарыз көлеміне қарай ай сайынғы төлем 19 АЕК (82 175 теңге), 24 АЕК (103 800 теңге) немесе 27 АЕК-тен (116 775 теңге) аспайды. Ал әлеуметтік осал азаматтар үшін бұл көрсеткіш 13–19 АЕК (56 225 – 82 175 теңге) аралығында болмақ.
Келісімге қол қоюға 72 сағат беріледі
Қарыз алушыға келісімге электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою үшін 72 сағат беріледі. Егер ол белгіленген уақытта құжаттарға қол қоймаса, рәсім тоқтатылады.
Келісім күшіне енгеннен кейін кредиторлар қарызды өндіріп алу шараларын тоқтатуға тиіс. Олар бұл талапты екі жұмыс күні ішінде орындауы керек.
Айта кетейік, FinKelisim платформасы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істейді. Платформа қарыз алушыға бірнеше банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік алдындағы мерзімі өткен берешегін бір төлем кестесіне біріктіріп, өтеуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, FinKelisim платформасы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істейді. Ол бірнеше банк, МҚҰ немесе коллектор алдындағы мерзімі өткен қарызды бір төлем кестесіне біріктіруге мүмкіндік береді. Қарызды өтеу мерзімі жалпы тәртіп бойынша бес жылға дейін, әлеуметтік осал азаматтар үшін жеті жылға дейін созылады.
14 қыркүйек 2026 ж. 12 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930