Берекесі артқан батыр баба ауылы

Ауыл – тек географиялық мекен емес, бұл біздің ұлттық болмысымыздың алтын қазығы, руханият пен ізгіліктің бастау бұлағы. Бүгінде ауыл тұрмысы жаңаша қарқынмен дамып, заман ағымына сай өркендеп келеді. Заманауи мектептер мен медициналық пункттердің бой көтеруі, инфрақұрылымның жақсаруы – соның айқын дәлелі.
2026 жылдың жарты жылдығы бойынша Арықбалық ауылдық округінде атқарылған жұмыстар қарқынды. Жаңқожа батыр ауылы облыс орталығынан 430, аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан әлеуеті жоғары елді мекен. Жер көлемі – 18 334 гектар. Оның ішінде жайылымдық жер – 4916 га, шабындық – 3737 га, егістік – 714 гектарды құрайды.
2026 жылға қаралған 63691.0 мың теңгеден, бүгінгі күнге 61690,8 мың теңге игеріліп, 6 ай қорытындысымен 100 пайызға орындалған. Ауылдық округ бойынша 2026 жылға есептелінген барлық салықтық түсімдерден 9 749 000 теңге жоспарланып, оның ішінде мүлік, жер салығы – 105 000 теңге, заңды тұлғалардың жер салығы – 33 000 теңге, көлік салығы – 2 275 000 теңге, жеке табыс салығы – 6 830 000 теңге, Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем – 7 000 теңге, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар – 12 000 теңге, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер – 287 000 теңге, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 200 мың теңге жоспарланып 6 айға орындалуы барлығы 5 501 217 теңге түсім түсіріліп, жоспар 56,5 пайызға орындалған.
ҚАЛАУЫН ТАПСА, ҚАР ЖАНАР…
Қазір не көп? Қалауын тапқан кәсіп көп. Тың идеясын жүзеге асырып, тәуекел еткен талай тұрғын бүгінде кәсібін дөңгелетіп отыр. Ауылдағы кәсіпкерлік, жұмыспен қамтуда 2026 жылдың 6 айы бойынша 5 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 14 адам маусымдық жұмыс орнына, елді мекенге «Орамішілік газ жүргізу» жұмыстарына 8 адам уақытша жұмысқа орналасқан.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 15 адам орналасқан. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы жоқ. Ауыл көлемінде кәсіпкерлік субъектілер саны – 96, олардың 33-і шаруа қожалық, 1 заңды тұлға, 3 АӨК, 59 шағын кәсіпкерлер. Оның ішінде 7 дүкен, 1 монша, 13 жолаушылар тасымалы, 1 мүлік жалға беру, 2 балық өнімдерін өндіру, 2 құрылыс-жөндеу жұмыстары, 33 мал шаруашылығы және басқа да кәсіп түрлерімен айналысушылар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмыс жасайды.
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуында еш кідіріс жоқ. 2026 жылдың 6 айы бойынша округте «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 1 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі және 3 жеке кәсіпкер 46,1 миллион теңге несие алған. Алдағы уақытта қаржы ұйымдары арқылы шаруашылықтарды несилендіру бойынша жұмыстар жалғасын таппақ.
ӨРКЕНДІ ІСТЕР ӨРІСІ
Ауыл шаруашылығы – экономиканың тірегі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін, халықты сапалы азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен жабдықтайтын негізгі салалардың бірі. Бұл сала халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартумен қатар, елдің экспорттық әлеуетін арттыруда да стратегиялық маңызға ие. Ауылдық округ бойынша мал шаруашылығымен 33 шаруа қожалығы айналысады екен.
Есепті мерзімде ауыл көлемінде мал басы саны – 8959, оның ішінде мүйізді ірі қара – 2428, қой – 2085, ешкі – 1820, жылқы – 1732, түйе – 230, құс – 664 басты құрап отыр.
Шаруа қожалықтары 3737 гектар шабындық жерден 1600 тоннаға жуық мал азығын даярлап, өз-өздері мал азығымен қамтамасыз етуде. Ауылдық округ бюджетінен 2 000,0 мың теңге бөлініп, иесіз канал ретінде есепке алынған негізгі Р-3 каналына құқық белгілейтін жер сәйкестендіру құжаттары толығымен жасалған.
Көркейту-көгалдандыру, абаттандыру бойынша, ауыл орталығындағы 10 көшенің 9-ы толық жөндеуден өткен. Ауыл көлеміндегі барлық көшелердің ұзындығы 10,7 шақырым болса, оның 9,6 шақырымына асфальт төселінген. Жол ережелерін сақтайтын белгілер, жүргіншілер жолы салынған. Сонымен қатар 8 көшеге түгел жарық шамдары орнатылған.
Көгалдандыру бойынша мердігермен келісім шартқа отырып, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіліпті. Аптасына 2 рет сусорғыш арқылы ауыл тұрғындарының бау-бақшаларына аяқ су беру жолға қойылған. Көктемгі, күзгі көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық айлығына мекемелер мен ауыл тұрғындары, ауыл жастары белсене араласуда. Биылғы жылы ауылды көркейтіп, көгалдандыру үшін Егізбай және Ш.Жалғасбаев көшесіне жасанды (труба) аяқ су жүргізу үшін жоба сметалық құжаттамасының құны 2 633 000 мың теңге. Жасалған жоба-сметалық құжаттама экономика және қаржы бөліміне тапсырылған. Ағымдағы жылға бау-бақша егу үшін 30 гектар жер белгіленіп, бау-бақша дақылдары егілген. Көктемгі көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық айлығына мекемелер мен ауыл тұрғындары, ауыл жастары белсене араласуда.
САЛАЛАРДА СЕРПІН БАР
Білім саласы бойынша, 2026 жылы мектепті 18 бала бітіріп, оның 18-і ҰБТ-ға қатысқан. 5 оқушы «Алтын белгі» иегері. 1 оқушы "Үздік аттестат" иегері атаныпты. 2025 жылы Жанқожа батыр ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 300 орындық жаңа мектептің лентасы қиылды.
№24 «Жауқазын» бөбекжай балабақшасында 90 бала тәрбиеленуде.
Денсаулық сақтау саласы бойынша, ауылда 2013 жылы пайдалануға берілген «Жанқожа» дәрігерлік амбулаториясында күнделікті келген науқастарды қабылдап, халық игілігіне жұмыс жасауда. Амбулатория сырқаттарға 11 төсектік күндізгі стационар қызмет көрсетеді. Дәрігерлік амбулаторияда барлығы 20 қызметкер, олардың жоғарғы білімдісі 1, арнаулы орта білімдісі 12, техникалық қызметкер 7 адам.
Мәдениет саласында 2026 жылдың жылдық жоспарына сәйкес түрлі іс-шаралар тұрақты атқарылып келеді. Нақтырақ айтсақ, жарты жыл көлемінде 25 ауылдық, 2 аудандық мәдени іс-шара өткізілген. Қамтылған көрермен саны 2000 адам. Ауылдың өнерпаздары Республикалық – 2, Халықаралық – 4, аудандық – 13, облыстық байқауға 2-еуі қатысты.
Кітапхана да халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. Кітапханада 22251 кітап қоры бар. Оқырман саны – 685 адам.
Спорт саласы бойынша, ауыл орталығында 2011 жылы пайдалануға берілген шағын спорт алаңы және 2018 жылы пайдалануға берілген спорт мектебі тұрақты жұмыс жасауда. Спорт мектебінде төрт секцияда 120 бала дайындықтан өтуде. 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде 17 тұрақты, 4 маусымдық жұмыс.
Жарты жылдық бойынша 9 адам округ әкімінің жеке қабылдауында болып, жеке тұлғадан 14 өтініш түсіп оның барлығына да заңға сәйкес жауап берілген. Округ әкімінің 74 өкімі, 8 шешімі шығарылған.
Аса қауіпті аурулардың алдын-алу жоспарларына сәйкес ауыл шаруашылық жануарларына диагностикалық тексерулер мен жұқпалы ауруларға қарсы ем-шаралары кестеге сай толықтай атқарылуда. Биылғы жылы ауыл көлемінде кенеге қарсы ветеринариялық шаралар жүргізілген.
Жастар саясаты бойынша, ауылда 14-35 жас аралығында 461 жас бар, оның 222 ер, 239 әйел, 81 оқушы, 104 студент, 12 жұмыссыз, 47 әйел бала күтімінде.
Ауылда «Сарықұл қожа» мешіті бар, терроризмге қарсы қорғану паспорты жасалған. Діни экстремизмге қарсы күрес бойынша жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп отыр. Жоспарға сәйкес ауыл тұрғындарына, ауыл жастарына бағытталған имандылыққа баулитын түрлі іс-шаралар өткізіліп, ауыл имамы тарапынан діни насихат жұмыстары жүргізілуде. Ауыл жастары қаржы жинап, имам жалақысы ретінде айына 80 мың теңге берілген.
– Экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаны қорғауда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Күл-қоқыс тастайтын арнайы жерді ауыстыру бойынша халықтың ұсынына сәйкес аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, полигон жері мал қорымының жанына ауыстырылды. Ауыл бойынша сұрыптап тастайтын 8 дана, қатты қалдықтарды бөлек сұрыптайтын 7 дана, қауіпті қалдықтарды тастайтын 2 дана барлығы 17 контейнер орнатылды. Биылғы жылы Егізбай және А.Ескенбаев көшелерін жарықтандыруға бюджеттен 5 928 000 мың теңге бөлініп «Ел қызмет» ЖШС-гі арқылы көше заман талабына сай жарықтандырылды. Ауылдың электр желісін жаңадан тарту үшін жоба-сметалық құжаттама жасалған құны 804 625 000 мың теңге. Республикалық бюджетке ұсынылды. Елді мекенді көгілдір отынмен қамту жұмыстары аясында «Сыр энерго газ строй» ЖШС мекемесі арқылы орамішілік газ желісі тартылуда. Жоба құны 323 миллион 576 мың теңге қыркүйек айында іске қосылады. «Жанқожа батыр ауылдық өрт сөндіру бекеті» салынып үстіміздегі жылдың тамыз айында пайдалануға берілетін болады. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады, – дейді ауыл әкімі Н.Сералиев.
ТҮЙІН:
Табиғаттың тынысымен астасқан ауылдың өмір салты балаларға кішіпейілділік пен үлкенге құрметті, еңбекқорлықты үйретеді. Шаңырақтың берекесін кіргізіп отырған ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыздың өнегесі – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен адалдық дәнін егеді. Ауыл аман болса – ел аман. Туған жердің әр тасы мен әр бұлағын қадірлеу, ауылдың әлеуетін арттыру – бәрімізге ортақ міндет. Ал Жаңқожа батыр ауылы бұл қағидадан тайған емес. Таймайды да…
Айнұр ӘЛИ














