Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алқапқа абай болайық

Алқапқа абай болайық

Төрт түліктің жүрмейтін жері жоқ десек те, егіс алқабына малдың түсуі – ауыл шаруашылығы үшін елеулі мәселе. Осыған байланысты аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы егіс алқаптарының мал түлігі тарапынан тапталуы мен зақымдануының алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Осы мақсатта аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов аудандық ветеринариялық инспекция мамандары, ауылдық округ әкімдері және жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірге Өркендеу, Аранды және Бозкөл ауылдық округтеріндегі егіс алқаптарын аралады.
Аралау барысында егіс алқаптарының жай-күйі зерделеніп, малдың егістік жерлерге кіріп кетуіне жол бермеу мәселелері қаралды. Сонымен қатар мал иелеріне қолданыстағы талаптарды түсіндіру, алдын алу жұмыстарын күшейту және егіс алқаптарына тұрақты бақылау жүргізу жөнінде нақты шаралар белгіленді.
Жауапты сала мамандары мен ауылдық округ әкімдеріне егіс алқаптарының сақталуын қамтамасыз ету, мал иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Егіс алқаптарының зақымдануына жол бермеу – жер пайдаланушылардың мүддесін қорғаумен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы тәртіп пен жауапкершілікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Осыған орай бақылау және алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
15 қыркүйек 2026 ж. 18 0

Алқапқа абай болайық

15 қыркүйек 2026 ж. 19

Бүгінгі қоғам кітап оқи ма?

15 қыркүйек 2026 ж. 19

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930