Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Беймезгіл жүргендер бақылауда

Беймезгіл жүргендер бақылауда

Түнгі тыныштық пен жасөспірімдердің қауіпсіздігі – қоғам үшін қашанда маңызды мәселе. Әсіресе кешкі уақытта ата-ана бақылауынсыз жүрген балалардың түрлі келеңсіз жағдайға тап болу қаупі жоғары. Осыған орай ауданда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Республика көлемінде 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында аудан аумағында арнайы рейдтік топтар құрылып, күн сайын түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Кезекті рейд барысында топ мүшелері аудан орталығындағы жастар көп шоғырланатын орындарды аралады. Атап айтқанда, кафелер мен компьютерлік клубтар, орталық стадион, саябақтар мен спорт алаңдары назарға алынды.
Тексеру кезінде мамандар кәмелетке толмаған жасөспірімдермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүрудің салдары мен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген кәмелетке толмаған оқушылар анықталып, үйлеріне жеткізілді. Ата-аналарына ескерту жасалып, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды.
Рейдтік шараның тағы бір бағыты – жасөспірімдер жиі баратын ойын-сауық орындарын бақылау. Осы ретте кафе мен мейрамхана иелеріне қолданыстағы талаптар түсіндіріліп, кәсіпкерлік нысандарды меморандумда белгіленген уақытта жабу қажеттігі ескертілді.
Жасөспірімнің түнгі уақытта бақылаусыз жүруі – тек тәртіп мәселесі емес, оның өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатысты жағдай. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуы полиция, білім беру ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдардың ғана емес, ең алдымен ата-аналардың жауапкершілігіне байланысты.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
15 қыркүйек 2026 ж. 24 0

Алқапқа абай болайық

15 қыркүйек 2026 ж. 27

Бүгінгі қоғам кітап оқи ма?

15 қыркүйек 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930