Қазақстанда ЭКҰ арқылы жасанды жолмен 15 мыңға жуық сәби өмірге келді
Қазақстанда отбасылардың шамамен 15%-ы бедеулік мәселесіне тап болады

Фото: istockphoto.com
Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында ЭКҰ арқылы жасанды жолмен 15 мыңға жуық сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдан бері ЭКҰ-ның 37 мыңға жуық циклі жүргізіліп, жыл сайын бөлінетін квота саны 7 мыңға дейін ұлғайды.
Қазақстанда отбасылардың шамамен 15%-ы бедеулік мәселесіне тап болады. Жыл сайын медициналық көмекке шамамен 20,5 мың ерлі-зайыпты жүгінеді.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылы іске қосылды. Бағдарлама қосалқы репродуктивтік технологияларға мұқтаж отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдауды едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар репродуктивтік медицина желісі де дамып келеді. Егер 2004 жылы ЭКҰ-ны төрт клиника жүргізсе, 2025 жылы олардың саны 32-ге жетті. Осы кезеңде қосалқы репродуктивтік технологиялар циклдерінің саны сегіз еседен астам өсіп, жылына 18,6 мыңға жетті», – делінген хабарламада.
Пренаталдық диагностика бағытында да оң динамика байқалады. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ультрадыбыстық зерттеу кезінде туа біткен даму кемістіктерін анықтау көрсеткіші 13,8%-ға артты. Ал туа біткен кемістіктермен және хромосомалық бұзылыстармен дүниеге келген балалардың саны 25,6%-ға төмендеді.











