Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Қазалыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Ауданға қарасты барлық елді мекенде тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны абаттандыруға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Желтоқсан, Т. Бокин, Төремұрат жырау және М. Ғабдуллин көшелерінде аумақтарды қоқыстан тазалау, бей-берекет өскен шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік жұмыстарына 135 мекемеден 1 346 адам қатысып, 14 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 13,5 тонна қоқыс шығарылды.
Тазалық жұмыстарының барысын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына елді мекендердің санитарлық тазалығын тұрақты бақылауда ұстап, абаттандыру жұмыстарын сапалы жүргізу жөнінде тиісті тапсырмалар берді.
«Таза Қазақстан» – тазалықты бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған ортақ бастама. Туған жердің тазалығы мен көркейуі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
16 тамыз 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31