Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілік – тазалық таразысы

Сенбілік – тазалық таразысы

Өткен сенбіде ауданда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында елді мекендердің тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды ретке келтіру, бей-берекет өскен шөптерді шабу және тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығы – Әйтеке би кентінің Желтоқсан көшесі мен Мелиоратор мөлтек ауданында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп, аумақтар қоқыстан тазартылды, бей-берекет өскен шөптер шабылды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сенбілік жұмыстарының барысын аралап, тазалық жұмыстарына жауапты мекеме басшылары мен Әйтеке би кентінің әкіміне аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту, тазалықты тұрақты сақтау және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, сенбілікке аудан бойынша 124 мекемеден 1 223 адам қатысып, 12 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 11,2 тонна қоқыс шығарылды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

11 тамыз 2026 ж. 159 0

Бақытқа бөлеген мекен

10 қазан 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031