«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті
Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.Сенбілік барысында елді мекендердің тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды ретке келтіру, бей-берекет өскен шөптерді шабу және тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілді.
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінің Желтоқсан көшесі мен Мелиоратор мөлтек ауданында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп, аумақтар қоқыстан тазартылды, бей-берекет өскен шөптер шабылды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сенбілік жұмыстарының барысын аралап, тазалық жұмыстарына жауапты мекеме басшылары мен Әйтеке би кентінің әкіміне аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту, тазалықты тұрақты сақтау және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Бүгінгі сенбілікке аудан бойынша 124 мекемеден 1 223 адам қатысып, 12 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 11,2 тонна қоқыс шығарылды. Показать меньше














