Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Т.Бөріқұлақов, Ж.Аймауытов, Р.Бағланова, В.Счастнов және Жаңқожа батыр көшелерінде бей-берекет өскен шөптер шабылып, аумақтар қоқыстан тазартылды.

Сонымен қатар Жаңқожа баба кесенесі аумағында санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп, шөптер орылып, тал көшеттері отырғызылды. Әйтеке би кентінде өткен сенбілік жұмыстарына «Жасыл ел» еңбек жасағаның жастарыда белсенді қатысты.

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан орталығы – Әйтеке би кентінде жүргізілген тазалық жұмыстарын аралап көріп, кент әкіміне бірқатар кемшіліктер бойынша ескертулер жасап, оларды шұғыл түрде қалпына келтіруді тапсырды.

Жалпы бүгінгі сенбілікке аудандағы 140 мекемеден 2536 адам қатысып, 12 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қоқыс полигондарға 19,7 тонна қоқыс шығарылды.

Экологиялық акция аясындағы сенбілік жұмыстары ауданның барлық ауылдық округтерінде де жалғасын тапты.
07 маусым 2026 ж. 151 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031