Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық домбыра күніне орай ерекше шара өтті

Ұлттық домбыра күніне орай ерекше шара өтті

Ұлттық домбыра күніне орай Қазалы ауданында ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған тағылымды мәдени шара ұйымдастырылды.
Аудан өнерпаздары Қазалы теміржол вокзалында аялдаған жолаушыларға арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, күй күмбірі мен әсем әннен шашу шашты. Домбыраның қоңыр үні әуелеп, халқымыздың төл өнері мен рухани мұрасы кеңінен насихатталды.
Шара барысында қазақтың салт-дәстүрлері дәріптеліп, қонақжайлықтың белгісі ретінде жолаушыларға бауырсақ пен қымыз ұсынылды. Бұл ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған ерекше сәтке куә болған жолаушылар қазақтың дархан көңіліне ризашылықтарын білдіріп, өнерпаздардың өнеріне ыстық ықыластарын жеткізді.
Ұлттық домбыра күніне арналған бұл тағылымды іс-шара – халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеп, ұлттық өнерге деген құрметті арттыруға бағытталған игі бастама болды.
02 шілде 2026 ж. 4 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031