Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялықтармен домбыра күні атап өтілді

Партиялықтармен домбыра күні атап өтілді

Ұлы мұрамызды ұлықтайтын қасиетті мереке – Ұлттық домбыра күніне орай «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Дарын» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Күмбірлеген — домбыра» атты мерекелік шара өткізілді.
Шара барысында «Дарын» бастауыш партия ұйымының төрағасы Болат Жолтаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, бұл күні руханиятқа деген зор құрмет, баршамызға ортақ құндылықты ұлықтау деп түсіну керек екенін атап өтті.

«Домбыра — қазақтың қадірі мен қасиетін атадан балаға жалғап келе жатырған жәдігер. Сондықтан әр қазақтың төрінде тұратын домбыраның орны бөлек. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болу­а тиіс. Ұлттық рухымыз, ұлттық қазынамыз, ұлттық домбырамыз жасай берсін», - деді Болат Әбенұлы.

Мұнан соң шара «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында ұлттық жәдігерлерімізді дәріптеуге бағытталға көрмемен және тақырыптық кітап көрмесімен жалғасты. Сондай-ақ Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Атамұра» ардагерлер халық ансамблінің жетекшісі Орақ Баубеков өзінің төл туындысы орындаса, «Атамұра» арагерлер халық ансамблінің мүшесі Гүлдәрі Өтеулиева мен бірқатар жас домбырашылар халық күйлері мен жырларды орындады.
#AMANAT

08 шілде 2024 ж. 314 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930