Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Батагөйлер байқауы өтті

Батагөйлер байқауы өтті

Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем Book» бағыты аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, шежіреші Өмірзақ Ахметовтың туғанына 105 жыл толуына орай «Батаның берер берекесі» атты аудандық батагөйлер байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылығы саналатын бата беру дәстүрін насихаттау, ақсақалдардың өнегелі сөздері мен тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа үлгі ету, халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнерді дәріптеу, сондай-ақ батагөй қариялардың өнерін кеңінен таныту.Байқауға аудан көлемінен 50 жастан асқан 11 ақсақал қатысып, байқау ережесіне сәйкес өзара бақ сынасты.
Батагөйлер бәйгесіндеауданның Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті теміржолшысы Жақсылық Көрпебайұлы, Әйтеке би кенттік мәдениет үйі жанындағы «Ата мұра» ардагерлер ансамблінің мүшесі Бижан Құрманбай және айтыскер ақын, дәстүрлі әнші Дүңкей Толағай қазылық жасап, қатысушылардың өнеріне әділ бағасын берді.Байқау қорытындысы бойыншажарыстың бас жүлдесіне Бекарыстан би ауылынан Жәнібек Сармолда лайық деп танылды. Ал Жанқожа батыр ауылының атынан сынға түскен Медеубай ҚожасІ орынды қанжығасына байласа,Майдакөл ауылынан келген Шыңғысхан Мусаев ІІ орын,  Абай ауылынан Өмірбек Бердібаевпен Тасарық ауылынан келген Әмірбек Шахмаранов ІІІ орынға табан тіреп, үздіктер қатарынан көрінді.Қалған қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.Тағылымы мол шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен қонақтардың естелік суретке түсуімен аяқталды.
 «ҚАЗАЛЫ» ақпарат
13 маусым 2026 ж. 38 0

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 40

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 39

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930