Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Батагөйлер байқауы өтті

Батагөйлер байқауы өтті

Жақында Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратының “Тасарық ауылдық клубы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен, “Адал адам” мәдени-тәрбие орталығының “Жанұя шуағы” бағыты бойынша, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аясында және қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан үш бидің бірі – Әйтеке би Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай, “Баталы елге бақ қонар” атты аудандық ата мен немере арасында батагөйлер байқауы өтті.
Шара ауыл әкімі Әлмұхан Ерғалиұлының алғы сөзімен ашылып, асыл қарттарымызды ұлықтаумен жалғасын тапты. Осы орайда, ауыл мекеме ұжымдарының демеушілігімен ардагер қарттарымызға сый-сияпат көрсетілді.
Байқаудың мақсаты Әйтеке би Байбекұлының өмір жолын және шығармашылығын кеңінен насихаттау. Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған бата беру дәстүрін өскелең ұрпаққа дәріптей отырып, ұлтымыздың қанына сіңген өнерлерімізді жаңғырту.
Батагөйлер сайысы екі кезең бойынша өтті. Соның алғашқысы кезең “Сәлем – сөздің анасы” яғни таныстыру кезеңі. Қатысушылар “Батаменен ел көгерер” атты екінші кезеңде бата берді.
Сайыс нәтижесі бойынша, бБас жүлдені Бекарыстан би ауылынан келген қария Жәнібек Сармолда, немересі Сұлтан Әзербай жеңіп алды.
Бірінші орынды Қазалы қаласынан атасы Қазыбай Саниязов пен немересі Елжан Қазыбайлар иеленсе, екінші орынға Тасарық ауылының ақсақалы Әбдімінәп Тасмамбетов, немересі Мансұр Құттыбай мен Лақалы ауылынан келген Кәрібай Тәуекелов, немересі Мұстафа Тәуекеловтер жайғасты. Ал үшінші орынды бозкөлдік Бердалы Қибасов, немересі Балдырған Бердалы мен арандылық Әзербай Толыбаев, немересі Айсұлтан Әзербай және Бірлік ауылынан келген Ордабай Төлегенов, немересі Ерғазы Балғазылар тең бөлді.
Шара соңында байқаудың бас жүлдесіне демеушілік танытқан ауылымыздың тумасы, әріптесіміз Көбекова Кәмшат Өтегенқызына ауылдық клуб меңгерушісі алғысын білдірді.
Сонымен қатар алыстан ат терлетіп, ата салтын ардақтауға асыққан дана, батагөй ақсақалдарға да шын жүректен рақметін айтты.

Тасарық ауылдық клубы

22 қазан 2024 ж. 315 0

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 43

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031