Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы – Отан тірегі

Отбасы – Отан тірегі

Ежелгі заманнан бері отбасын Отан тәрізді ұлы құндылықпен қатар қойып, әлеуметтік ұйысу мен ұрпақ жалғастырудың ұлағатты ұясына балаған халқымыз үшін шаңырақ қай кезде де киелі ұғым, қастерлі түсінік саналған.
Жақында «Жанұя шуағы» жобасы аясында отбасы құндылығын дәріптеу мақсатында Қазалы аудандық білім бөлімі, Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Әйтеке би кенттік мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы балалар көзімен» атты тақырыпта мектеп оқушылары арасында драмалық қойылым байқауы өтті.
Шараға ауданға қарасты барлық білім ошақтары бақ сынады. Оқушылар байқау шарты бойынша аталған тақырыпта көріністер қойды.
Байқауға мәдениет саласының ардагері, "Атамұра" ардагерлер халықтық ансамблінің мүшесі – Бижан Құрманбай, Р. Бағланова атындағы аудандық мәдениет Орталығы жанындағы Ж.Тұрсынов атындағы халық театрының режиссеры – Индира Рсалиева мен Әйтеке би кенттік мәдениет Үйінің аккомпонияторы – Әлібек Айдар төрелік етті.
Нәтижесінде, байқаудың бас жүлдесін Бекжан Әбиев жетекшілік еткен №276 мектептің 7-8-сынып оқушыларынан құралған драма ұжымы жеңіп алды.
Бірінші орынды Жазира Айбергенова жетекшілік жасаған Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептің 7-8-сынып оқушыларынан құралған драма ұжымы иеленсе, екінші орынға Жанқожа батыр атындағы №70 мектебі және М.Матаев атындағы №170 мектептің 8-9-сынып оқушыларынан құралған драма ұжымдары жайғасты.
Ал үшінші орынды Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия, №266 мектеп-лицей, С.Сейфуллин атындағы №165 мектеп және №288 мектеп оқушыларынан құралған драма ұжымдары өзара бөлісті.
Сонымен қатар басқа да қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, отбасылық құндылықтарды көрініс арқылы көрермін жүрегіне жеткізген оқушыларға жиналған жұрт ду қол шапалақтады.

С.ӘЛИҰЛЫ
18 ақпан 2025 ж. 296 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031