Жас күйшілер жарысқа түсті

Өнерпаздар жас ерекшеліктеріне сай бағаланды. Жас күйшілердің өнеріне «Атамұра» ардагерлер халық ансамблінің мүшесі, ардагер ұстаз Ерпазыл Жүсіпов, Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет Орталығының қызметкері, әнші, домбырашы Балқыз Өмірзақ, Қорқыт ата атындағы аудандық балалар өнер мектебінің оқытушысы күйші Рүстем Шөмекей баға берді.
Нәтижесінде 9-13 жас аралығындағы талапкерлер арасынан бірінші орынды Қорқыт ата атындағы балалар өнер мектебінің шәкірті Алтынбек Керімбек иеленді. Аталған өнер мектебінің шәкірттері Айару Орынбасар екінші, Мереке Алпамыс үшінші және №204 мектептің оқушысы Дамир Айғара үшінші орынды өзара бөлісті. 14-17 жас ерекшелігі бойынша Қорқыт ата атындағы балалар өнер мектебінің шәкірті Мадияр Алман бірінші, №170 мектептің оқушысы Балнұр Сәдуақасова екінші, Өркендеу ауылынан келген Жарасхан Қашқынбай және Қорқыт ата атындағы балалар өнер мектебінің шәкірті Дәулетнұр Жеткербай үшінші орын иеленді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат