Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шежіреші есімі ұлықталды

Шежіреші есімі ұлықталды

Қазалыда ауданның құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Өмірзақ Ахметовтің туғанына 100 жыл толуына орай аудандық жыршы-термешілер байқауы өтті. Әйтеке би кенттік клубында өткен «Жеңісті жақындатқан ардагер» атты байқауды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев ашып, еңбек ардагерінің өмірінен естеліктер айтты.
Байқауға бүкілодақтың өнер фестивалінің және республикалық жыршы-термешілер байқауының бас жүлде иегері Қалабай Сүйінтаев, ақын-ұстаз Сағыныш Мұхитқызы және жыршы-термеші Жанболат Өмірзақ қазылық жасады.
Құрметті азаматтың есімін ұлықтауға арналған байқаудың қорытындысы бойынша Жанкент ауылының термешісі Болатбек Рсалиев бас жүлдені иеленді. Жүлделі бірінші орынды Ғ. Мұратбаев ауылынан Ахан Ербозов, екінші орынға Жалаңтөс батыр ауылынан келген Мағжан Оңғаров пен Кәукей ауылының жыршысы Кәмшат Көбекова ие болды. Жүлделі үшінші орын Қазалы қаласынан келген Едіге Айдаров пен Майдакөл ауылының тумасы Бақтияр Асановқа бұйырды.
Жыршы-термешілер байқауына қатысушылардың барлығына арнайы дип­ломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Байқау соңында Қазалы ауданының құрметті азаматы Сержан Қожа Берденұлы тағылымды шарада өнер көрсеткен өнерпаздарға ақ батасын берді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
29 қазан 2022 ж. 1 036 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031