Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және жол жөндеу мәселелері талқыланды

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және жол жөндеу мәселелері талқыланды

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш арнайы қатысты.
Отырысты комиссия төрағасы Әділбек Сарабеков жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Алғашқы мәселе ретінде «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы, елді мекендерді жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов баяндама жасап, бағдарламаның жүзеге асу барысы мен алдағы міндеттерді баяндады.
Келесі кезекте аудандық Мансап орталығының қызметі мен мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуы, халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Мансап орталығы директорының міндеттін уақытша атқарушы Алтынбек Төреханов 2026 жылға жоспарланған шаралармен таныстырып, жұмыспен қамту бағытындағы жоспарларға тоқталды.
Сондай-ақ Әйтеке би кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындалу барысы қаралды. Кент әкімі Әліби Әбиев атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.
Қаралған мәселелер бойынша комиссия мүшелері бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын жүйелі жалғастыру, Мансап орталығы арқылы ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың тиімділігін арттыру, жұмысшының еңбек шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда бөлінген қаражатты басқа азаматтарды жұмыспен қамтуға бағыттау мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар кентішілік жол жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылау, мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету және осы жұмыстарға Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан тұрақты мониторинг жүргізу туралы шешім қабылданды.
#AMANAT
04 мамыр 2026 ж. 104 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031