Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының биылғы жылға арналған алғашқы отырысы өтті. Отырыс барысында 2025 жыл қорытындысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасының Қазалы ауданында орындалу барысы, «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы мен «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы, сондай-ақ алдағы жоспарлар талқыланды.

Комиссия отырысына аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және жауапты сала өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев баяндама жасады.

«2025 жылы партияның сайлауалды бағдарламасының 76 іс-шарасынан орындалғаны 88%-ды құрады. Орындалған жұмыстар аясында жаңа өнеркәсіптік және кәсіпкерлік нысандар іске қосылып, шамамен жаңа жұмыс орындары құрылды. Сондай-ақ Жанқожа батыр ауылында апаттық жағдайдағы мектеп жабылып, 300 орындық «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Жергілікті маңызы бар жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, орталықтандырылған сумен және газбен жабдықтау, электрмен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылды. Аудан бойынша әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, қалдықтарды өңдеу, елді мекендерді абаттандыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша нақты нәтижелер бар»», – деді Нұрғиса Жаппарбергенұлы.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2025 жылы 124 жобаны іске асыруға 835,1 млн теңге бөлінгенін, оның ішінде 40 жоба қаржыландырылып, жоспар 170%-ға орындалғанын, 23 жоба бойынша несие өтінімдері қаралу үстінде екенін айтты. Ал «Жер аманаты» бойынша 2025 жылы 11 770 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. 2026 жылы 4 500 гектар жерді қайтару межеленгенін және жерді қайта айналымға енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Отырыс барысында Үкімет пен партия бірлесе жүзеге асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасын ауылдық жерлерде тиімді іске асыру үшін ауыл әкімдерінің жобаны іске асыру бағытындағы жұмысын партия алаңында саралау қажеттігі ұсынылды.
28 қаңтар 2026 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031