Партиялық бақылау комиссиясының алғашқы отырысы өтті
Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының биылғы жылға алғашқы отырысы өтті. Жиынға арнайы аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш қатысты.
Басқосуда ең алдымен комиссияның атқарылған жұмыстар бойынша комиссия төрағасы Әділбек Сарабеков баяндады.
Келесі кезекте партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының ауданда іске орындалу барысына тоқталды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе «Ауыл аманаты» жобасы мен «Жер аманаты» комиссиясының 2023 жылы ауданда іске асырылуы және алдағы жоспарлары туралы болды. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша баяндаған аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатовқа партиялықтар тарапынан бірлескен жұмыстарды биылғы жылы қарқынын күшейту бойынша ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ филиал төрағасы Ғазиз Әліш аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетовке кәсібі бар немесе кәсіп бастағалы жүрген, сондай-ақ жұмыссыз жастарға жылдық мөлшері 2,5 пайызбен несие беру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін жеткізді.
#AMANAT
#QazalyAMANAT