Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі мемлекеттік балабақшалардың жұмысымен танысты

Аудан әкімі мемлекеттік балабақшалардың жұмысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан орталығындағы бірқатар мемлекеттік балабақшаларды аралап, олардың жұмыс барысымен танысты.
Алдымен №11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасына барған аудан басшысы мекеменің материалдық-техникалық базасын, топтардың жабдықталуын және тәрбие үдерісін көрді. 280 орынға арналған 12 топта 74 қызметкер еңбек ететін балабақшада бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына бағытталған түрлі үйірмелер ұйымдастырылған. Сонымен қатар экологиялық тәрбиеге ерекше мән беріліп, «Жасыл балабақша» бағыты жүйелі жүзеге асырылуда.
Мұнан соң №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасында болып, мұндағы балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған емдеу-сауықтыру жұмыстарына назар аударды. 120 бала тәрбиеленетін мекемеде арнайы медициналық бақылаудағы бүлдіршіндерге кешенді қолдау көрсетілуде. 1986 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан балабақша ғимаратына соңғы рет 2016 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі №4 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасына да барып, білім беру мен тәрбие сапасын арттыру бағытындағы жұмыстармен танысты. Қазіргі таңда 140 бала тәрбиеленіп жатқан балабақшада балалардың қауіпсіздігі мен жайлы жағдайы қамтамасыз етілген. Балабақшада жалпы 46 қызметкер жұмыс жасайды.
Аралау барысында аудан басшысы аудандық білім бөлімінің басшысы мен балабақша меңгерушілеріне мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне баса мән беру, сондай-ақ мекемелердің материалдық-техникалық жағдайын үнемі жақсартып отыру қажеттігін атап өтті.
18 сәуір 2026 ж. 114 0

Бозкілемнің барысы

18 сәуір 2026 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930