Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Қазалы темірбетон бұйымдарын шығару зауытының жұмысымен танысты

Аудан әкімі Қазалы темірбетон бұйымдарын шығару зауытының жұмысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі Қазалы темірбетон бұйымдарын шығару зауытының жұмысымен танысты. Республиканың әр түкпірінен тапсырыс қабылдап отырған мекеменің директоры Сәбит Өтегенов зауыт жұмысы жайында аудан басшысына толықтай айтып берді.
Темірбетон зауытының тарихы 1980 жылдан басталады. Бүгінде зауытта темір жолға, көпір құрылысына қажетті темірбетон балкалары, құбырлар, жоғары кернеулі желіге арналған бағаналар, сондай-ақ көпқабатты үйлер құрылысына қажетті темірбетон бұйымдарының 60-тан астам түрі өндіріледі.
Мекеме 2024 жылы 78 091 тонна бетон шығарса, өткен жылы құны 3,4 млрд. теңге болатын 83 257 тонна бетон бұйымдарын шығарды. Зауытта жалпы 80 – ге жуық адам жұмыс жасайды.
Зауыт аумағын аралап, өндірістік цехтардың жұмыс барысымен, технологиялық үдерістермен және дайын өнімдерді көрген аудан әкімі аудан экономикасын дамытуда өндіріс орындарының рөлі ерекше екенін айтты. Соған сәйкес жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығы жайында атап өтті. Зауыт басшысына өндірісті одан әрі дамыту бағытындағы бастамаларға жергілікті атқарушы билік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінінде жеткізді.
12 ақпан 2026 ж. 16 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728