Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 наурыз – Көрісу күні: Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды

14 наурыз – Көрісу күні: Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды

Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Қазақстанда 14 наурыздан бастап жалпыұлттық "Наурызнама" декадасы басталды. Бүгін Амал мерекесі тойланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
14 наурызда Қазақстанның батыс өңірлерінде Көрісу күні немесе Амал мерекесі атап өтіледі. Бұл күні адамдар бір-бірімен арнайы барып амандасып, қыстан аман шыққанына қуанып, “Бір жасыңмен!” деп құттықтайды. Көрісу күні –өкпе-ренішті ұмытып, адамдардың арасына жылылық пен татулық әкелетін ерекше күн. Бұл мереке Наурыз мейрамының басталуын білдіреді.

Мерекеге байланысты елімізде түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады:

Ұлттық орталық музейінде – "Көрісу күні – татулықтың бастауы" атты мәдени-танымдық іс-шара өтеді.

Ұлттық музейдің Атриумында – "Амал мерекесі – ізгілік пен бірліктің белгісі" атты бағдарлама ұйымдастырылады.

Құддыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры – "Наурыз – театрлар мен мәдениеттердің қауышу мерекесі" жобасын ұсынады.

"Астана Опера" театрында – "Күймен келген Көрісу" атты концерт өтеді.

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде – "Көрісу күні – Амал мерекесі" акциясы ұйымдастырылады.

Астанада – ұлттық ойындарға арналған "Tartys Fest" фестивалі өтеді. Фестиваль аясында арқан тарту жарыстары жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып өткізіледі.

Алматы қаласында, Көктөбе алаңында – қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Көрісу күні – Амал мерекесі" атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, мерекелік шаралар өңірлерді де қамтиды:

Ақмола облысында "Көрісу күні" дәстүрлеріне арналған концерттік бағдарламалар;
Түркістан облысында "Көрісу күні – Амал мерекесі" облыстық челленджі;
Батыс Қазақстан облысында "Наурыз думан" атты мерекелік концерт көрсетіледі.
"Көрісу күні" – Наурызнаманың бастапқы күні ретінде дәстүр, мәдениет және қазіргі заманғы қоғамдық құндылықтарды біріктіретін, бірлік пен ізгілікке толы мерекелік күн болып саналады.
14 наурыз 2026 ж. 25 0

Бақытын тапқан өнерден

14 наурыз 2026 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031