Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫДА КӨРІСУ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

ҚАЗАЛЫДА КӨРІСУ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын бұл мереке — күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күн.

Атаулы күнге орай Қазалы ауданына қарасты Ғани Мұратбаев ауылында «Наурызнама бастауы көрісу күні» атты мерекелік шара өтті. Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Алиев Жәнібек Алмасұлы қатысып, жиылған қауымды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Амал мейрамының мән-мағынасы мен тарихына, оның құндылықтарына айрықша тоқталып өтті.

Амал мерекесінде Қазалы ауданына қарасты Әйтеке би кенті, Басықара ауылы және Ғ.Мұратбаев ауылдарының әжелері қауышып, әдет-ғұрыпқа сай шашу шашты.

Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынылып, ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүріне негізделген театрландырылған көрініс пен пен концерттік бағдарлама халық назарына ұсынылды. Өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, халыққа ерекше қуанышты көңіл-күй сыйлады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

16 наурыз 2025 ж. 305 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031