Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Амал мерекесі ерекше тойланды

Амал мерекесі ерекше тойланды

Қазалы ауданында 14 наурыз – Амал мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Атаулы күнге орай Ақтан батыр ауылында «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шара өтті.
Алдымен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауыл ақсақалдарымен қазақы салтпен қауышты. Мұнан соң ауыл балаларының асық ату, ләңгі тебу, қазақша күрес сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарысын тамашалады.
Татулық пен бауырмалдыққа шақыратын тағылымы мол мерекеде аудан басшысы тал көшеттерін отырғызды. Жиналған көпшілік ауыл аналары дайындаған ыстық нан мен қымыздан дәм татты.
Мерекелік шарада Мұхтар Оразбаев жұртшылықты Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күнімен құттықтады. «Бұл күні адамдар арадағы өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне береке-бірлік тілейді. Біздің еліміз үшін достық пен ынтымақты үлгі ететін осындай жарқын мерекенің маңызы зор. Сондықтан бүгінгі шарада барша қазалылықтарды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Рухымыз биік, іргеміз берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» – деді Мұхтар Әуесұлы.
Амал мерекесінде Ақтан батыр және Жанқожа батыр ауылдарының әжелері қауышып, әдет-ғұрыпқа сай шашу шашты. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынып, Қыдыр ата ақ батасын берді. Ауыл тұрғындары арасында жаңылтпаш, мақал-мәтел мен бата-тілек айтудан сайыс өткізіліп, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүріне негізделген театрландырылған көрініс пен пен концерттік бағдарлама халық назарына ұсынылды. Өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, халыққа ерекше қуанышты көңіл-күй сыйлады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат



18 наурыз 2023 ж. 342 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 120

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930