Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшпелі қабылдауда тұрғындардың талап-тілегін тыңдалды

Көшпелі қабылдауда тұрғындардың талап-тілегін тыңдалды

Бүгін Қожабақы ауылы мен Қазалы қаласында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, құқық қорғау органдарының басшылары және аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдау алдында тұрғындармен қысқаша кездесулер ұйымдастырылып, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының маңыздылығы атап өтіліп, облыс пен аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы кезеңге жоспарланған жобалар туралы ақпарат берілді.

Алғашқы қабылдау Аранды ауылдық округінде өтіп, оған Өркендеу, Бірлік, Бозкөл, Тасарық және Қызылқұм ауылдық округтерінің тұрғындары қатысты. Келесі қабылдау Қазалы қаласында ұйымдастырылып, қала тұрғындарымен қатар Абай және Ақтан батыр ауылдарының азаматтары өз мәселелерін көтерді.

Жеке қабылдау барысында тұрғын үй кезегі, жұмысқа орналасу, инфрақұрылым мәселелері, электр желілерін жаңғырту, мал ұрлығы, қоғамдық қауіпсіздік, жер дауы және әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштер айтылды. Барлық сұрақтар заң аясында қаралып, оларды шешу бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Жалпы қабылдауда 50-ге жуық азаматтың өтініші қаралды.

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы халықпен тікелей байланыс орнатуға, азаматтардың өтініш-тілектерін уақтылы қарауға және ашық диалогты нығайтуға басымдық береді. Мұндай бірлескен жеке қабылдаулар алдағы уақытта да басқа елді мекендерде жалғасын табатын болады.

#AMANAT
28 қаңтар 2026 ж. 30 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031