Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды

Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды

Бүгін Бірлік ауылында аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Жиынға "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш және Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, партия фракциясының мүшесі Нұрлан Имандосов қатысты.
Кездесу барысында филиал төрағасы Ғазиз Әлмәмбетұлы облыс, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта іске асатын жобалар туралы кеңінен ақпарат беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Ауыл халқы тарапынан электр желілерін қайта жаңғырту, жайылымдық және шабындық жерлердің тапшылығы сияқты мәселелер көтерілді.
Партия өкілдері бұл ұсыныстарды мұқият тыңдап, олардың кезең-кезеңімен шешілуі үшін тиісті жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Атап айтқанда, Бірлік ауылындағы электр желілерін жаңғырту ісі тиісті деңгейдегі кезектілік тәртібімен қарастырылып отыр. Сонымен қатар, ауылдық округке тиесілі жайылымдық жер мәселесі тұрақты бақылауда екені айтылды.
Кездесу соңында тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, өз ризашылықтарын білдірді.

#AMANAT
01 шілде 2025 ж. 371 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031