Бүгін Қазалы пайдалану вагон депосының мәжіліс залында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткізілді.
Негізгі мақсат – жұмысшы мамандармен кездесу, оларды толғандырған мәселелерді тыңдау және шешу жолдарын қарастыру.
Қоғамдық қабылдауға партияның аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты, Қазалы пайдалану вагон депосының бастығы Арғын Орымбаев, сондай-ақ Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары, әлеуметтік, денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, құрылыс және өзге де салалардың басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Қабылдау барысында теміржолшылар мәселелері бойынша сала мамандарына жолығып, сұрақтарын қойды.
Атап айтқанда, М.Шоқай көшесінің бір бөлігіне түнгі жарық шамдарын орнату, «Ауыл аманты» жобасы аясында кәсіп бастау, көше жолдарын жөндеу, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау саласына қатысты өтініштер, тұрғын үй және қоғамдық көлік мәселелері көтерілді.
Сала өкілдері көтерілген мәселелерге қатысты нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жауабы қосымша хабарлауды қажет ететін сұрақтарды бақылауға алды. Сонымен қатар, қаржыландыру мүмкіндігіне қарай бюджет аясында кезекпен іске асырылатын жобалар туралы ақпарат берді.
Қабылдау соңында мекеме ұжымы арнайы келіп, көшпелі қабылдау жасаған азаматтарға алғыстарын білдірді.
#AMANAT