Көшпелі қабылдауда ауыл тұрғындарының талап-тілектері тыңдалды
Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Көларық ауылдық округінің орталығы Ақтан батыр ауылында мобильді көшпелі қабылдау өтті.Іс-шараға аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов, сондай-ақ әлеуметтік, денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, құрылыс және өзге де салалардың басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
Көшпелі қабылдауға ауылдық округтің 30-ға жуық тұрғыны келіп, өзекті мәселелерін ортаға салды. Тұрғындар ауылға балабақша салу, жеке кәсіпкерлік ашу мен шарттары туралы, әлеуметтік, жұмыспен қамту, МӘМС төлеу мәселелері, жаңадан салынған тұрғын үй құжатын рәсімдеу, өндірістік шаруа қожалығын жүргізу үшін жер алу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу, көшелерді жарықтандыру мен жөндеу сынды өзекті мәселелерді көтерді.
Әрбір мәселе бойынша партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш тиісті жауапты сала өкілдерімен және ауылдық округ әкімінің мамандарымен бірге талқылап, шешу жолдарын қарастырды.
Қабылдау қорытындысымен аудандық филиал төрағасы барлық ұсыныстардың назардан тыс қалмайтынын, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе қарастырылатынын және шешіміне дейін бақылауда болатынын атап өтті.
#AMANAT














