Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өркендеу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

Өркендеу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін Өркендеу ауылдық округінің орталығы Жанкент ауылында сайлаушылармен кездесу өтті. Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы Ғазиз Әліш, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Имандосов және аудандық мәслихат депутаты, партия фракциясының мүшесі Күншығар Әбілов қатысты.

Ғазиз Әлмәмбетұлы кездесу барысында облыс және аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндап, жергілікті тұрғындармен еркін форматта пікір алмасты.
Ауыл тұрғындары ауылішілік жолдарды жөндеу, жайылымдық жер мәселесі және аудан орталығынан өндіріс орындарын ашу сынды мәселелерді көтерді.
Өз кезегінде Нұрлан Самұратұлы көтерілген ұсыныстарға жауап бере отырып, бірқатар инфрақұрылымдық мәселелердің шешімі бөлінетін бюджет қаржысына тікелей байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, қалған мәселелер бойынша түсіндірме беріліп, оларды тиісті мекемелермен бірлесе отырып шешу бағытында жұмыстар жүргізілетіні айтылды.

#AMANAT
01 шілде 2025 ж. 278 0

Жас көшбасшы – ел үміті

28 наурыз 2026 ж. 73

Триумф төрінен табылған

28 наурыз 2026 ж. 70

Көктем – Қыз

28 наурыз 2026 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031