Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі жерлестер!

Сіздерді табалдырығымызды аттап, төрімізге енген Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – әрбір адамның жүрегіне жаңа үміттер мен ізгі армандар ұялататын, жаңа бастамалар мен тың ізденістерге жол ашатын ерекше мереке. Бұл күні әрбір адам өткен жылға көз жүгіртіп, ой елегінен өткізіп, болашаққа деген ақ көңілмен,мол сеніммен қадам басады.
Тәуелсіз елімізге толайым табыстар сыйлаған 2025 жылды қазалылықтар жемісті қорытындылап отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңіріне айрықша қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен өңірде ел игілігіне бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылып, барлық салаларға серпінді қадамдар жасалды.
Қазалы ауданының экономикасында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері ілгеріледі.
Ұлттық жобалар, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа мектептер мен денсаулық сақтау нысандары, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Жолдар, көпірлер салынып, көлік инфарқұрылымын дамыту ерекше қарқын алды.
Өткен жылы ауданда 300 орындық «Келешек мектебі», «Руханият» орталығы, жаңа прокуратура ғимараты, Қазалы мәдени-демалыс кешені, 42 төсектік кардиология және инсульт орталығы, Майдакөл ауылында 100 орындық ауылдық клуб, 80 пәтерлі 40 тұрғын үй сынды жаңа нысандар пайдалануға берілді. Ақтан батыр ауылы көгілдір отынға қосылып, Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек ауылдарына таза ауыз су жеткізілді.
Мұның барлығы - халқымыздың ауызбіршілігінің, елге жанашыр азаматтардың еңбегімен жеткен жетістіктер.Келіп жеткен жаңа жылда да елдегі бірлік пен берекенің нәтижесінде мол табыстарға қол жеткізеріміз анық.
Құрметті жерлестер!
Жаңа жыл әрбіріңіздің шаңырақтарыңызға шаттық сыйласын. 2026 жыл құт қонған қасиетті жерімізге, елімізге молшылығымен, құт-берекесімен, ырыс-несібесімен келсін!
Тәуелсіз елімізге тыныштық, отбастарыңызға амандық тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!
Фото: Жасанды интеллект

Құрметпен,
А. Есмаханов
Қазалы ауданының әкімі
31 желтоқсан 2025 ж. 255 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930