Аудан әкімінің құттықтауы
Құрметті қазалылықтар!
Сіздерді табысқа толы, әр адамның жүрегіне үміт пен аппақ арман ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын, биік мақсаттарға жетелейтін Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен қадам басқанды қалайды.
Қазақстан үшін парасат пен пайымға толы тағы бір жыл ХХІ ғасыр қойнауына еніп барады. Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз.
Әр жылдың өзіндік өрнегі бар. 2019 жылы дамудың даңғыл жолына түскен елімізде іргелі істер атқарылса, соған біздің ауданымыз да өз үлесін қосты.
Биыл көптен шешімін күткен «Әлсейіт» көпірі ел игілігіне берілді. Енді Арал мен Қазалы ауданының жиырма мыңға жуық халқы аудан орталығымен емін-еркін байланыса алады.
Әйтеке би кентінен 18 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы салынып, жүздеген тұрғынға пәтердің кілті табысталатын болады. Одан бөлек аудандар арасында алғаш рет мекемелер үйі бой көтерді. Жол жөндеу бағытында атқарылған жұмыстар да нәтижелі.
Қазалының бұл табыстарында әрқайсыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Сондықтан баршаңызға жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Қадірлі жерлестер!
Әрдайым жақындарыңыз аман, отбасыларыңыз берекелі, әр күн мерекелі болсын! Жаңа жыл сіздерге шуақты сезімдер мен бақытты сәттер сыйласын! Баршаңызға тек үкілі үміт пен таусылмас жақсылықтар тілеймін!
Тәуелсіз Қазақстанның тұғыры қашанда берік, туы биік болсын!
Жаңа жыл ырыс пен ынтымақ жылы болсын!

Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ