Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі Жаңа жылмен құттықтады

Облыс әкімі Жаңа жылмен құттықтады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы бас шырша жанына Жаңа 2025 жылды қарсы алуға жиналған жұртшылықты құттықтап, игі тілегін арнады.
«Баршаңызды табалдырықтан аттап, төрімізге озатын Жаңа
2025 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
2024 еліміз үшін де, аймағымыз үшін де өзгерістерге толы берекелі, жемісті, жетістіктері мол жыл болды.
Баршамыз Жаңа жылды ізгіліктің жаршысы деп қабылдап, әрдайым жақсы жаңалық күтеміз.
Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңірін айрықша қолдауының арқасында облысымыз қарқынды даму жолына түсті. Әлеуметтік-экономикалық дамуымызда оң тенденция қалыптасты.
Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындамыз.
Жыл бойы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық серпінді дамуын өздеріңізбен бірге тұрақты түрде қамтамасыз еттік.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты, осыдан екі жарым жыл бұрын 364 млрд теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады.
Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда. Алдымызда айқын міндеттеріміз бен анық жоспарларымыз бар. Халықтың игілігі, сырбойылықтардың жайлы тұрмыс-тіршілігі үшін ауқымды жобаларды өздеріңізбен бірге жүзеге асырамыз. Жаңа жыл еліміз бен аймағымыз үшін қадамы қарышты, толайым табысты болғай!», - деді облыс әкімі.
Мерекелік кеште қызылордалықтар мен қала қонақтарына Аяз ата, Ақшақардың және жыл иесі – Жыланның құттықтауы, жергілікті өнер жұлдыздарының концерті, жыл жетістіктерін таныстыратын бейнеролик ұсынылды.
Салтанатты іс-шара мерекелік отшашумен қорытындыланды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
02 қаңтар 2025 ж. 206 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930