Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданының әкімі халықты жаңа жылмен құттықтады

Қазалы ауданының әкімі халықты жаңа жылмен құттықтады

Құрметті қазалылықтар!
Сіздерді жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Міне, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп барады.
Өткен жыл ауданымыз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен толайым табыстың кезеңі болды деп айтуға болады. Экономикада еңселі биіктерді еңсердік. Нақтырақ айтсақ, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі артты. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде мал және егін шаруашылықтарында жемісті жұмыс жүрді.
Апатты мектептер мәселесі толық шешілді. 5 мектеп, 1 ауылдық клуб, 1 аудандық аурухана пайдалануға берілді. 1 спорт кешені, 1 мектеп пен Әлсейіт өткеліндегі темірбетон көпірінің құрылысы басталды.
Аудан халқының 50 пайызын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қол жеткізіп, үздіксіз ауыз су жүйесіне қостық.
Жол жөндеу, инженерлік-инфрақұрылым бағытында атқарылған жұмыстар да нәтижелі болды.
Қазалының бұл табыстарында әрқай­сыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Сондықтан баршаңызға жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Ардақты ағайын!
Жаңа жылды қашанда алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жағымды жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді белгілейтін Үміт, Сенім мерекесі ретінде асыға күтеміз. Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетерлiк.
Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашанда берік, туы биік болсын!
Қасиетті Қазалы елінің құты мен ырзығы арта бергей!
Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты жерлестер!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
М.ЕРГЕШБАЕВ.
31 желтоқсан 2017 ж. 4 013 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 109

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930