Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгіннен бастап елімізде тағы бір автожол ақылы болды

Бүгіннен бастап елімізде тағы бір автожол ақылы болды

Фото: Scott Barbour/Getty Images
13 мамырдан бастап, "Шу-Бурылбайтал" автожолы ақылы болды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 133 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 13 мамырдан бастап республикалық маңызы бар "Шу-Бурылбайтал" автокөлік жолының 92,2-268 шақырым аралығындағы учаскесі ақылы болатынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 175,8 шақырым, ІІ-санат, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта бір жолақ.

"Балама тегін жол "Шу – Қайнар – Кенен – Қарабастау – Қаншеңгел – Ақсүйек – Бурылбайтал" автокөлік жолы арқылы ұсынылады.

Бұл учаскеде жеңіл көліктер үшін төлем алынбайды. Ал автобустар мен жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Сондай-ақ төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған", - деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
14 мамыр 2025 ж. 171 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930