Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Келешек»: Балалар болашағына бағдар

«Келешек»: Балалар болашағына бағдар

Бүгінде білімге құйылған инвестиция – ең тиімді тәсіл екені белгілі. Осы бағытта елімізде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі құрылуда. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мамандарының сөзіне сенсек аталған бағдарлама бойынша ерікті салым жасаған жағдайда бала болашағына 7,5 миллион теңге қаражат жинауға болады екен. Ендеше баланың болашағына бағдар берер бағдарлама қашаннан бастап іске қосылады? Салымшылар ай сайын қанша қаражат аударуы керек? Жалпы, осы бағдарлама балаларға қандай мүмкіндік береді? Зерттеп көрген едік.
2023 жылы сол кездегі Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы мен Жолдауын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі шаралар қаралған болатын. Бүгінде Мемлекет басшысы «Келешек» бағдарламасына қол қойып, бұл заңды қабылдады.
«Келешек» – баланың оқуына қаражат жинауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Жоба – ата-аналарға міндеттелмейді. Ерікті түрде жүзеге асады. Ерекшелігі баланың есепшотына ата-ана ғана емес, мемлекет те ақша салып отырады.
Шарты қарапайым. Шот ашасыз. Алғашқы жарна мемлекеттен төленеді. Яғни, 240 мың теңге көлемінде қаражат шотқа түседі. Ал баланың оқуына ай сайын 8 мың теңгеге жуық қаражат салып отырса жеткілікті. Тіпті, бұл қаражатты жылына бір рет бірден салса да болады.
Бес жастағы балаға есепшот ашу қажет. Ол екінші деңгейлі банк немесе сақтандыру компаниясы арқылы ашылады. Дәл осы шотқа алғашқы төлем мемлекеттен түседі. Қаржы мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болады. Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға бұл төлем көлемі екі есеге көп.
– Жақында ғана Мемлекет басшысы Келешек бағдарламасына қол қойып, бұл заң қабылданды. Келешек бағдарламасы 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында бірінші шілдеге дейін жүзеге асады деп жоспарлап отырмыз. Мысалы, бала 18 жасқа келгенде оның шотында 7,5 миллионнан аса қаражат жиналады екен, – дейді Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің комитет төрағасы.
Комитет төрағасы атаған сомманы жинақтау үшін не істемек керек? Жалпы «Келешек» есепшотына ата-ананың бір жылда құятын қаражаты 24 айлық есептік көрсеткіш көлемінен төмен болмауы тиіс. Бұл шашамен 95 000 теңге. Бұл қаражатты әр айға бөлсеңіз, 8 мың теңге шамасында ғана шығады. Яғни, шотқа ай сайын 8 мың теңге көлемінде қаражат салып отыру керек. Тіпті 12 ай бойы жинақтап, бірден де салуға болады. Бұл жерден ата-ананың ұтары қаражатты баланыңң болашағына, біліміне салады. Сонымен қатар бұл бағдарламаға тұздық болып отырған басты тұсы қаражатты толықтырғаныңыз үшін мемлекеттен де, есепшотты ашқан жерден де сыйақы төленеді.
Мемлекеттік қолдаудың шарасы аясында балалар елде ғана емес, шет елде де білім ала алады. Яғни, бала мектеп бітіргеннен кейін білім грантын жеңіп алған жағдайда, жинақталған сомманы магистратурада, докторантурада, тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе өзінің іні-қарындастарына үшінші тұлғаға беруге құқылы.
Ескеретін жайт, баланың бес жасында «Келешек» жобасы бойынша шоты ашылса, сол шотты аштырғаныңыз үшін, тегін түрде мемлекет 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем жүргізеді. Бұл шамамен 240 000 теңге. Бірақ мұндай мүмкіндік тек бес жасында шоттары ашылған балаларға қарастырылған. Ал бала жасы 7,8,10 жаста болып, оған шот ашылса ондай төлемді мемлекет жүргізбейді. Сондықтан, балаңыздың білім қорындағы қаражаты көп болсын десеңіз, 5 жасынан қамданыңыз.
Осы орайда «Неліктен 5 жасар балалар?» деген сұрақтың туындауы орынды. Бұл тұрғыда 18 жасқа толғанға дейін 13 жыл ішінде отбасылық бюджетке айтарлықтай жүктеме салмай, білім алуға қаражат жинауға болады. Сонымен қатар азаматтың қалауы бойынша бала 18 жасқа толғанда жинақталған соманы ұлғайту үшін «Келешекке» Ұлттық қордың ақшасын аудара алады.
Бір айта кетерлігі, осы Ұлттық қор мен «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінде жиналған балалардың қаражатын біріктіріп, болашақта оқуға немесе баспанаға жұмсауға болады.
Бала кәмелетке толған соң ата-аналар «Келешек» бағдарламасымен жинаған ақшасы мен Ұлттық қорда жиналған ақшаны сол кезде біріктіріп, баланың білім алуына жұмсай алады. Ал егер бала грант алатын болса, бұл қаражатты баспана сатып алуға жұмсай алады немесе оны бауырының оқуын төлеуге қалдыра алады.
Ал енді бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі қандай қажеттіліктен туды деген сауалға келер болсақ, соңғы 6 жылда университеттерде оқуға арналған гранттар саны іс жүзінде екі есе өскен. 2023 жылы 73 мыңнан астам грант бөлінген, 2017 жылы бөлінген гранттар саны 38 мыңнан астам болған.
Сондай-ақ үш жыл ішінде бір білім алушыға жұмсалатын қаражат көлемі 2019 жылғы 420 мың теңгеден 2023 жылғы миллион теңгеге дейін екі есе өскен. Сонымен қатар бүгінге дейін туу көрсеткішінің өсуін ескере отырып, 2040 жылға қарай 18 жастағы қазақстандықтар саны айтарлықтай өседі деп күтілетінін, бұл ретте гранттар санын арттыру олардың көбін жоғары біліммен қамтуға мүмкіндік бермейтін көрінеді.
Қорытындылай келе, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесі бұл қазақстандықтардың көпшілігінің ақшасын үнемдеу және балаларын жоғары біліммен қамтамасыз ету үшін жақсы жағдай жасауға бағытталған мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсету шарасы екеніне көз жеткізуге болады. Жүйенің негізгі мақсаты – әртүрлі көздерден түсетін қаражатты бірыңғай жинақтаушы жүйесіне жинақтау және әрбір баланың жоғары оқу орнына түсу жасына қарай жоғары білім алуды қолжетімді ету. Жалпы баланың болашағына жасалған инвестицияның пайда берері мол екені сөзсіз. Бастысы бұл жерде ұтпасаңыз, ұтылмайсыз.
Серік АҚМЫРЗА,
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
15 ақпан 2025 ж. 199 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728