Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Келешек» бағдарламасы қандай мүмкіндік береді

«Келешек» бағдарламасы қандай мүмкіндік береді

ФОТО

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Келешек» бағдарламасына қатысты түсінік берді, деп жазады Казинформ.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі заң жобасы әзірленді. Құжат жобасы қазіргі кезде қарау үшін Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілді.
«Келешек» жүйесі мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын, мемлекеттік сыйлықақыны жыл сайын төлеуді, инвестициялық табысты көздейді. Бұл жинақтар «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында қалыптастырылған қаражатпен бірге балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді», - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Атап айтқанда, «Келешек» жүйесі үш негізгі міндеті ескеріп отыр. Бұл тұрғыда білім алу мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік қолдаудың барлық іс-шараларын бірыңғай жүйеге шоғырландыру, сондай-ақ әрбір ата-ана баласының кішкентай кезінен оқу траекториясын құра алатын жүйені құру тәртібі қамтылмақ.
Былтырғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. 
«Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады», - деді Президент. 
21 маусым 2024 ж. 205 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 130

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031