Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпақ тәрбиесі – кемел келешек кепілі

Ұрпақ тәрбиесі – кемел келешек кепілі

2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мен білім саласының қызметкері болғандықтан, мен үшін ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жыл сайын 1 қыркүйек – Білім күнінде жария етуі өте маңызды. Президент Жолдауындағы үшінші бағдар «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» деп аталуының өзінен көрініп тұрғандай, еліміздің басты құндылығы – адами капиталға берілетін басымдыққа тоқ­талған.
Ұлттың сапасын арттыруда білім саласының маңыздылығы зор. Сондықтан да тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс. Біз «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қағиданы ұстанғанда ғана ұлттық санамыз қалыптасып, сапа артатыны белгілі. Әрбір өмірге келген ұрпаққа отбасында ата-анасы саналы тәлім-тәрбие, балабақша, мектепте ұстазы сапалы білім беру – басты міндет. Елімізде білім жүйесінде қаншама жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның барлығы да жас ұрпақтың келешегінің жарқын болуы үшін жасалып жатыр.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей қазіргі қоғамда бала тәрбиесі ерекше назарда болуы керек. Ол үшін ата-ана бала тәрбиесін үнемі бақылап отырса, баланың білімін қадағалап, мектеппен тығыз байланыс жасап отырса, жас ұрпақ саналы, өз елінің жарқын болашағы болмақ. Әрбір ата-ана ұстазға құрметпен қарауды, ұстазды құрметтеуді баланың санасына сіңіруі қажет. «Ғалым да, шахтер де бас иетін» ұстаздардың мәртебесі әрдайым асқақ болуы тиіс. Киелі Отанымыздың шаңырағы биік, керегесі кең болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман аман болсын!
Шарбану БАЕКЕЕВА,
Қазалы аграрлы-техникалық колледжі
директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
06 қыркүйек 2022 ж. 855 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 47

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 42

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 43

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 42

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031