Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Асығы алшысынан түсті

Асығы алшысынан түсті

Асық ату – баланың жас­тайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелеген. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден зерек, табанды, шыдамды болады.

Бұл ойынның Кеңес заманында шектеулі болып ұмытылып, бүгінгі таңда қайтадан түлеп, мемлекет қолдауына ие болып отырғанын жақсы білеміз. Ұлт жанашырлары асық атудың кең көлемде дамуына зейін танытып, қазір елде бұл спорт түрінен түрлі жарыстар ұйымдастырылып, ел біріншіліктері өтуде. Ұлттық ойынды насихаттау барысында көптеген сайыс­тар өткізілуде. Соның бірі Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастырған аймақ деңгейде өткен жарыс. 2009-2011 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен облыс біріншілігінде командалық есепте Қазалы ауданы жүлделі I орынды қанжығасына байлады. Ал жекелей есеп бойынша, 2 сақалар арасында Нұрқожа Бекқожа I орынды иеленсе, 3 сақалар арасында жүлделі III орынды Самұрат Тәңірберген иеленіп аудан мерейін тасытты. Нұрқожа Бекқожаға Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама берілді.
Иә, аймақтық бәсекеде балалар өзінің бар қабілетін көрсете білді. Ойын барысында ептілік танытып, жеңіс тұғырынан көрінді. Асық атудан «асығы алшысынан түсті» деген осы емес пе?

Айнұр ӘЛИ
28 қаңтар 2025 ж. 277 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930