Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың рухани қазынасы

Халықтың рухани қазынасы

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтарының бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халықта түрлі-түрлі жаттығу жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Адам денсаулығын жақсартуда аса пайдалы. Ауданда кіл білектілер мен қайсар жүректілер жиылған спорт сүйер қауым баршылық. Солардың ішінде қазақ күресіне жақсы мән берілген. Бұл ретте демеушілер тарапынан қазақ күресінен жыл сайын дәстүрлі «Алтын белбеу» аймақтық және аудандық турнирі ұйымдастырылады. Осы жылы облыстық турнирге жолдама алған қазалылық палуандар Қызылорда қаласында өткен Қазақ күресінен XIII облыстық «Алтын белбеу» жарысына қатысып, 2 палуан жүлделі екінші және үшінші орындарды қанағат тұтты.
– Қазақ күресінен жыл сайын дәстүрлі «Алтын белбеу» аймақтық және аудандық турнирі ұйымдастырылады. Биыл облыстық турнирге жолдама алған палуандарымыз Қызылорда қаласында өткен Қазақ күресінен XIII облыстық «Алтын белбеу» жарысына қатысып, 2 палуанымыз жүлделі екінші және үшінші орындарды иеленді.
Жаңабек Нағашыбаевтың жаттықтыруымен Қазақ күресінен Қазақстан чемпионатына спортшылар: Айдос Алтынбек, Жылқыбай Нұрдаулет, Ақбай Мақсат және Орынбет Нұржан жолдама алған. Сонымен бірге облыстық «Алтын белбеу» күресінен Алтынбек Айдос бірінші орынды олжалады. Мылтықбай Нұрдаулет пен Болатбек Нұрсұлтан екінші және Орынбет Нұржан үшінші орынға ие болды, – дейді Қазалы спорт клубының оқу ісі жөніндегі орынбасары Пайзулла Нәбиев.
Пайзулла Абдуллаұлының мәлімдеуінше, Рамазан Оразбайдың шәкірті Нұржан Орынбет белбеу күресінен облыстық жарыстың жеңімпазы атанып, Астана қаласында өткен Қазақстан чемпионатына жолдама алды.
Жалпы қазақ халқының – мәдени мұрасы сан түрлі. Олардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасаң, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрін кездестіреміз. Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі де болған. Өзінің өлең-жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, ой толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қана қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Бұл ретте баланың дұрыс өсіп-жетілуіне асық ату мен бес тас та септескен.
Пайзулла Абдуллаұлы осы күндері Қазалыда асық ату мен бес тас бойынша да ілгерілеушілік бар дегенді айтады. Өткен жылы облыстық спартакиада Қазалы ауданының құрамасы асық атудан екінші орын, бес тастан үшінші орын алды. Сонымен бірге 2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатына іріктеуде бірінші орын алса, 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатына іріктеуде асық ату мен бес тастан бірінші орын тұғырынан көрінді.
2022 жылы ауданда өткен ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2022» облыстық спартакиадасында асық ату мен бес тастан үшінші орын алды. 2022-2023 оқу жылында Пайзулла Набиев – асық ату және бес тас Қазалы ауданында өткен ауыл спортшыларының XXXVI-ші «Алтын күз» спартакиадасында асық ату, бес тас ерлер мен әйелдер арасында жүлделі үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар Қазалы спорт клубының оқу ісі жөніндегі орынбасары осы спорт түрлері командалық құрама бойынша облыстық іріктеу жарыстың қорытындысы бойынша екі мәрте Қазақстан чемпионатына жолдама алғандығын жеткізді. Дегенмен бұл спорт түрін өз деңгейіне көтеру үшін нақты маман жоқтығын қынжыла айтып, иштаттық бірлік бөлінсе екен деген ойын да білдірді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

26 ақпан 2024 ж. 200 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031