Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтар күзгі спартакиадада көш бастады

Қазалылықтар күзгі спартакиадада көш бастады

30 қараша және 2 желтоқсан күндері аралығында Қызылорда облыстық білім басқармасының Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының ұйымдастыруымен Кеңес одағының батыры М.Мәметованың 100 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында дәстүрлі облыстық күзгі спартакиада тәмамдалды.
Спартакиаданың бағдарламасына сәйкес спорттың бес түрі бойынша оқушылар бақтарын сынады. Жарыстың нәтижесі бойынша Қазалы ауданы лайықты нәтиже көрсетті. Дәлірек айтсақ, гандболдан ер балалар арасында өткен сайыста бірінші орын алса, дәл осы спорт түрінен нәзік жандылар арасында болған бәсекеде үшінші орынды қанжығалады.
Сонымен қатар оқушылар волейбол спортынан жігіттер арасында өткен сайыста да есесін жібермеді. Яғни, екінші орынды иемденді.
Үстел теннисі спортынан да дәл солай, оқушылар өз мықтылықтарын байқатып бірінші орынды иеленсе, ойлау қабілеті, шапшаңдық пен тапқырлықты қажет ететін спорт түрі шахматтан екінші орынды місе тұтты.
Осылайша кеңес одағының батыры М.Мәметованың 100 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында дәстүрлі облыстық күзгі спартакиадасында Қазалы ауданы жалпы командалық есеп бойынша бірінші орын иеленіп, жүлделі оралды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат


04 желтоқсан 2022 ж. 683 0

19 наурыз – Жаңару күні

19 наурыз 2024 ж. 39

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031