Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлестер жеңіс тұғырында

Жерлестер жеңіс тұғырында

Соңғы уақытта ұстаздар мен оқушылар арасында ұлттық ойынды дәріптеу, онымен ұдайы айналысу жақсы дамып келеді. Наурыз мерекесі оның қарқынын одан әрі еселегені сөзсіз. 24-26 наурыз күндері аралығында Қызылорда облысы білім басқармасы Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз» атты ұлттық спорттық ойын түрлерінен өткен облыстық спартакиада тағы біршама жеткіншектің қызығушылығын оятып, жігерлерін жаныды.
Облыс деңгейінде мектеп оқушылары арасындағы сайыстың көздеген мақсаттары бар. Әрине ең алғашқысы, мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту үшін дене тәрбиесі мен спорт жүйесін дамытуды ойласа, дене тәрбиесі және спорт құралдарымен салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыру ісі күн тәртібінен түспейді. Сонымен қатар ұйымдастырушылар спорт резервтерін дайындау және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, облыстық мектеп оқушылары арасында үздік құраманы анықтау, ұлттық спорт ойындарын дамыту, жас жеткіншектерді дене тәрбиесі және ұлттық спорт түрлерімен тұрақты шұғылдануға тарту екенін бүкпей айтты.
Спартакиада бағдарламасына сәйкес, тартыс спорттың 11 түрінен өтті. Атап айтар болсақ, гір тасын көтеру, қолкүрес, мерген, арқан тарту, шоқпарласу, бесасық, асық ату, жаяу жарыс, тоғызқұмалақ, бұқа тартыс, ләңгі тебуден облыстық мектеп оқушылары арасында мықтылар анықталды.
Облыстық жарыстың бағдарламасына сәйкес өткен додада жерлестеріміз «Бес асық», «Асық ату», «Шоқпарласу», «Қол күрес», «Бұқа тартыс» жарыстарынан үздік екенін дәлелдеді. Ал
«Тоғызқұмалақ», «Арқан тарту», «Ләңгі тебу» жарысында екінші, «Жаяу жарыс», «Гір тасын көтеру»-ден үздік үштікті қорытындылады. Тартысты жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық спорттың 10 түрінен жүлделі орындарды иеленіп, жалпы командалық есепте 73 ұпай еншілеген Қазалы ауданының оқушылары бірінші орынды қанжығаға басып, спартакиада жеңімпазы атанды.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
28 наурыз 2023 ж. 826 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 18

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930