Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мал терісін қай елдерге экспорттап отыр?

Қазақстан мал терісін қай елдерге экспорттап отыр?

Коллаж: Kazinform/Midjourney/DALL-E
KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта Қазақстаннан мал терісі қай елдерге экспортталатынын мәлім етті.
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша 2 млн 548,5 мың дана ірі қара терісі өндірілді. Оның 8%-ы (208,3 мың дана) қайта өңдеуге жіберілсе, 13,7%-ы (349,6 мың дана) Ресей Федерациясына, Түркияға, Қырғызстанға, Нигерияға экспортталды. Ал Ресейден 4,5 мың дана тері импортталған. Өндірілген терінің 78%-ы (1 млн 997,1 мың данасы) – өңделмеген қалдық. Осылайша ірі қара терісінің 8%-ы ғана өңделеді, яғни шикізат көлемі саланың өңдеу мен өткізу мүмкіндігінен айтарлықтай жоғары, - деп жазады министрліктегілер.

Өңдеуге кеткен 208 мың дана теріні елдегі 9 кәсіпорын бөліп алған деуге болады. Бұл кәсіпорындардың жобалық қуаты елде жыл сайын өндірілетін терінің көлемінен де жоғары. Бірақ жүктеме деңгейі өте төмен.

- Республикада теріні бастапқы өңдейтін 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылығы 3,3 млн данаға дейін ірі қара терісін, 4 млн дана ұсақ малдың астам терісін өңдеуге мүмкіндік береді. 2023 жылы жүктелу 6,3% болды, - деп жазылған жауапта.
10 қаңтар 2025 ж. 196 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930