Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде электр қуатын есептегіш құралдардың өндірісі өсті

Елімізде электр қуатын есептегіш құралдардың өндірісі өсті

Фото: pixabay
Биыл алғашқы алты айда елімізде электр энергиясын есептегіштер (калибрленгендерді қоса алғанда) өндірісінің айтарлықтай өсуі байқалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 21% өсіп, 198,5 мың дана есептегіш құрал жасалды.

Сонымен қатар электр есептегіштерінің импорты 27% өсті. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында 111,3 мың дана өнім импортталды, ал былтырғы сәйкес кезеңде импорт көлемі 87,6 мың дана болды. Шетелден келетін өнімнің нарықтағы үлесі 35,9% құрайды.

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында 375 дана есептегіш экспортталды. Қазақстанның ішкі нарығында 2024 жылдың алғашқы жарты жылында 309,4 мың дана электр қуатын есептегіш құрал сатылды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында электр энергиясы, сондай-ақ газ және сұйықтық есептегіштері Беларус, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Германия, БАӘ, Қытай, Грузия, Моңғолия және Түркияға экспортталды. Экспортталған өнімнің жалпы құны 879,4 мың АҚШ долларын құрады.
04 қыркүйек 2024 ж. 224 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031